Жаңалықтар

«Балғын балалар - біздің болашағымыз» атты кітап көрмесі таныстырылып, бүлдіршіндерге ертегі оқылды.

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллина атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 23 шілде күні Талдықорған қаласының №4 «Ясли» бала бақшасына «Әжемнің ертегісі» жобасының аясында «Балғын балалар - біздің болашағымыз» атты кітап көрмесі таныстырылып, бүлдіршіндерге ертегі оқылды. Шара барысында бүлдіршін оқырмандар, танымдық ертегілер мен тәрбиелік мәні мол, қазақтың озық салт-санасына бейімдей білетін ертегілермен танысты. Ертегілер - халық даналығының айнасы болып табылатындықтан, ауыз әдебиетінде алатын орны ерекше. Сондықтан да, өскелең ұрпақты, сол салада үлес қосқан жандардың ерен еңбегімен сусындатқан жөн. Осы себептен, іс-шарамыздың құрметті қонағы ретінде, балалар жазушысы - Жұмабала Балақаранова шақырылды. Құрметті қонағымыз, кішкентай оқырмандарға ертегілердің маңызы мен ерекшеліктерін кеңінен түсіндіріп, өз туындыларымен таныстырды. Іс-шара маңызды ақпараттар мен көтеріңкі көңіл-күйге толы болып өтті.
Толығырақ... Оқылды: 130 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 23.07.2024

Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның бастамасымен «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» атты акциясы бастау алды.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда кітап мәселесіне ерекше тоқталып, өз сөзінде: «Шын мәнінде, кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын оятуымыз керек» деген болатын. Осы орайда, Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның бастамасымен «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» атты акциясы бастау алды. Шалғайдағы ауыл кітапханаларына соңғы шыққан жаңа туындыларды жеткізіп, өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылға акция аясында Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы да өңірге тарту етілген 100 кітапты алды. Әлем және қазақ әдебиетінің үздік шығармалары, танымдық-ағартушылық әдебиеттерден құралған кітаптар жақын арада ауылдағы оқырмандарымызға жол тартады.
Толығырақ... Оқылды: 134 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 12.07.2024

Кітапханада экскурсия өтті.

11 шілде 2024 жылдың Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасына «Умные детки» мектеп алды даярлау орталығы экскурсияға келді. Экскурсия барысында балаларға кітапхана тарихы, ережелері және бөлімдері таныстырылды. Сонымен қатар, кітаптар мен мерзімді басылым бөліміндегі журналдардың, газеттердің сақталу тәртібі туралы ақпараттар беріліп, оқырмандардың жас ерекшеліктерін ескере отыра «Ертегілер елінде», «Әлем балалар әдебиетінің қазынасы», «Ең ақылды кітаптар» атты сериялармен шығатын ең қызықты деп танылған ертегілер, танымдық әдебиеттер, сондай-ақ балалардың сансыз сұрағына жауап беретін көркем суретті энциклопедиялар ұсынылды. Сондай-ақ балаларға ойын, флешмоб биі ұйымдастырылып, «Головоломка» мультхикаясы көрсетілді.
Толығырақ... Оқылды: 163 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 11.07.2024

«Терроризммен күрес – баршаның міндеті» атты дөңгелек үстел өтті.

2024 жылдың 9 шілдесінде Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Терроризммен күрес – баршаның міндеті» атты дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты : Оқырмандарға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру. Шара барысында кітапханашы Айнаш Райкулқызы «Терроризм мұны бәрі білу керек» деген ұғымды оқырмандарға қазіргі кездегі салт – дәстүрлердің ара-қатынасы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай-ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтау жолдары турасында пікірлесу және дін мәселесі жөнінде оң пікір қалыптастыру жөнінде дөңгелек үстел өткізді. Оқырмандар толық мағлұматтар алып, өз ойларымен бөлісті.
Толығырақ... Оқылды: 118 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 09.07.2024

«Домбыра – асыл мұра» атты кітап көрмесін ұйымдастырылды.

2024 жылдың 7 шілдесі күні Ұлттық домбыра күніне орай Жастар саябағында Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы төрт бөлімінен тұратын «Домбыра – асыл мұра» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге қазақ күйлерінің шығу тарихы, қазақ халқының музыкалық мәдениетінің дамуына үлкен ықпалын тигізген ұлы домбырашылар, күйшілік дәстүр, домбыра өнерін үйрену, күйлер мен әндердің домбыраға арналған ноталары туралы әдебиеттер қойылған. Кітапханашы Қымбат Садырбекова көрмеге библиографиялық шолу жасады.
Толығырақ... Оқылды: 183 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 09.07.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика